Сирия әскері өз мәлімдемесінде Алеппоның азат етілуін «терроризммен күрестегі стратегиялық түбегейлі өзгеріс» деп атап отыр. «Сирия әскерінің қолбасшылығы Алеппо қаласына бейбітшілік пен қауіпсіздік орнағанын жариялайды», — делінген әскер қолбасшылығының мәлімдемесінде. Басылымның мәліметінше, әскерилер қаланың шығыс бөлігінен көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындар кетіп қалған, сондықтан енді бақылау толықтай қалпына келтірілді.
Алеппо толықтай азат етілді
Сирияның үкіметтік әскері шығыс бөлігі көп уақыт бойы көтерілісшілердің бақылауында болған Алеппоны бақылауға алғанын ресми түрде жариялады.