Алеппо толықтай азат етілді

Сирия әскері өз мәлімдемесінде Алеппоның азат етілуін «терроризммен күрестегі стратегиялық түбегейлі өзгеріс» деп атап отыр. «Сирия әскерінің қолбасшылығы Алеппо қаласына бейбітшілік пен қауіпсіздік орнағанын жариялайды», — делінген әскер қолбасшылығының мәлімдемесінде. Басылымның мәліметінше, әскерилер қаланың шығыс бөлігінен көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындар кетіп қалған, сондықтан енді бақылау толықтай қалпына келтірілді.

Дереккөзtengrinews.kz