Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер 3...

Синоптиктер 3 мамырдағы ауа райын болжады

3 мамырда Қызылорда мен Түркістан облыстарының кей жерінде шаңды дауыл соғады. Желдің соғу жылдамдығы — секундына 15-20 метр.

3 мамырда күндіз Ақмола облысында найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жел соғады.

3 мамыр күні түнде Павлодар облысының кей жерінде 1 градусқа дейін аяз болады. Күндіз кей жерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні — 15-20 метр.

Жамбыл облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. 3-5 мамыр аралығында кей жерінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 4-5 мамырда жел екпіні секундына 23-28 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, найзағай ойнады. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.