Мемлекет басшысы Пасха мейрамымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

Еліміздегі православ христиандарын көктемнің жарқын мерекесі – Пасхамен құттықтаймын!

Бұл қастерлі мейрам жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақынға жанашыр болып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге үндейді.

Пасха дәстүрлері жаңару мен жақсылықты, мейірімділік пен әділдікті  дәріптейді.

Жаһандық індет бәрімізді сынға салған қазіргі кезеңде жалпыадамзатқа ортақ осы құндылықтардың маңызы артып, өзара түсіністікті, татулық пен келісімді нығайтуға септігін тигізіп жатыр.

Бүгінгі шуақты мереке әр шаңырақты бақыт пен қуанышқа бөлей берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Пасха мерекесі құтты болсын!