«Жыл адамы – 2016» халықаралық сыйлығының марапаттау салтанаты Мәскеуде өтті.
Мемлекет басшысы халықаралық саясаттағы зор жетістіктері және Еуразиялық экономикалық одақты нығайтқаны үшін «Халықаралық саясат» номинациясын иеленді.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін де бірнеше рет лауреат атанып, 2012, 2014 және 2015 жылдары аталған сыйлықты алған болатын.