Алматының екі ықшам ауданында 500 орындық емхана салынады

Алматының Жас қанат пен Қайрат ықшам аудандарының дәл шекарасында бір ауысымда 500 адамға дейін қабылдауға қауқары жететін емхана салынбақ. Ғимараттың көлемі 6 мың 200 шаршы метрді құрайды.

Төртінші емханаға барамыз. Басқа жаққа барамыз. Кейбіреуі шамасы келгендер әр жерге барады. Ауруханадан қиналдық. Мына Қайратта кішкене емхана ғана бар. Ол жерде адам көп. Мына жерге салынады деп жатыр. Осыны тезірек салып берсе, біз бәріміз қуана құптар едік, – деді қала тұрғыны Абай Кеңбаев.

Алданда жаңалықтан естідік. Осы 1-2 күнде айтты ғой мына жерге үлкен емхана салынады деп айтты ғой. Ризамыз. Қуанып жатырмыз. Енді сол тезірек іске асса, – деді қала тұрғыны Анар Тайбұрова.

Өзімізде кішкене ғана амбулаториямыз бар еді. Енді қазір мына жақтан үлкен емхана салынайын деп жатыр. Оған да Аллаға шүкір. 500 адамды қарайтындай болса жақсы болар еді, – деді қала тұрғыны Айнагүл Сатқынбаева.

Емхананың құрылысы алдағы қазан айында басталып, 2022 жылдың қарашасында толық аяқталады. Алдағы уақытта Алматыда медицина мекемелерінің санын арттыру жұмыстары жалғаса береді. Сонымен бірге ескірген ғимараттарға жапсарласа құрылыс жүргізіледі.

ДереккөзAlmaty.tv