Bitfury, әлемдегі жетекші серпінді технологиялар компаниясы, корпорацияларға бизнес мәселелерін шешуге және жаңа өсу нүктелерін табуға көмектесетін әдіснаманы ұсынады.

АХҚО Fintech Hub — әлемдегі стартаптарды, кәсіпкерлерді, инвесторларды, индустрияның жетекші сарапшыларын және таланттардың үлкен пулын ұштастыру нүктесі. Fintech Hub табысты финтех-стартаптарға қолдау көрсетеді, венчурлық капиталға қолжетімділік береді, мәмілелерді құрылымдауға, салық преференцияларын, арнайы еңбек және визалық режим алуға көмектеседі. Сондай-ақ жаңа технологиялар мен инновациялық идеяларды, жаңа бизнес-модельдер мен бизнес-тәсілдерді тестілеу және әзірлеу үшін Fintech Lab құмсалғышына қолжетімділік береді.

Astana Hub
Фото Astana Hub баспасөз қызметінен

Astana Hub, Орталық Азиядағы IT-стартаптарға арналған ірі халықаралық технопарк арнайы салық режимін, стартап-визаны (5 жылға дейін жұмыс істеуге рұқсат), 6 R&D әріптестеріне (AR, VR, Blockchain, Индустрия 4.0 және тағы басқа) қолжетімділікті, бағдарлама шеңберінде табысты стартаптарға арналған инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларды, сондай-ақ коуоркиңнен орын, PR-қолдауды ұсынады.

Astana Hub
Фото Astana Hub баспасөз қызметінен

Astana Hub, AIFC Fintech Hub және Bitfury Kazakhstan отандық және халықаралық корпорацияларды компанияда бірлескен корпоратив инновациялар бағдарламасын іске қосуға шақырады. Бұл технологиялық командалармен бірігуге және қызметіңізде практикалық пайдаға, инновация көздеріне жақын болуға мүмкіндік береді.