Алматы мешіттерінде вакцина салдыруға болады

Оның айтуынша, қазір қалада екпе салатын 211 пункт жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге 40 көшпелі мобилді бригада бар.

Оның ішінде, егу пунктерінде діни ұйымдар да бар. «Қалқаман» мешіті мен «Нұр» мешітіне келушілерге вакцинация пункттері ашылып, жұмыс істеп жатыр. 30 сәуірге дейін «Музаммиль», «Әл-Мәдина», «Абдулла», «Алматы орталық мешіті» мешіттерінің аумағында тағы да бірнеше пункт ашу жоспарланып отыр. «Алматы орталық мешітінің» вакцинациялау пункті жылжымалы және ұжымдық қызмет кезінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Вознесенск Кафедральды шіркеуі» мен «Храм Христа Спасителя» шіркеуінде ашылды, олар жексенбі күні де жұмыс істейді, — деді Фарида Ағыбаева.

Егу пункттерінде медицина қызметкерлеріне медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің еріктілері көмектеседі. Қазіргі кезде 364 интерндер мен резиденттер жұмыс істеп жатыр. Барлығы 975 адам оқыды.

№8 қалалық емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаеваның айтуынша, 28 сәуірдегі жағдай бойынша қалада 8 468 адам вакцина салдырды. Оның ішінде 316 адам отандық екпені алды.

Инфекцияны жұқтырмағандар кезек күттірмей егілгендері жөн, сонымен бірге коронавируспен ауырып, жазылғандар да қалмай вакциналанғандары дұрыс. Елдегі эпидемиология жағдайын толық бақылауға алу вакцинациялау арқылы халықты иммундау деңгейі жоғары болған жағдайда ғана мүмкін болатындығын есте ұстаған жөн. Халық жаппай вакцинацияланбайынша, пандемияны жеңу мүмкін емес, — деді ол.

ДереккөзInform.kz