Елімізде киік төлін санауға волонтерлар қажет

Қауымдастықтың мәліметінше, 4-19 мамыр күндері Қостанай мен Ақтөбе облыстарында киіктің Бетпақдала популяциясының, ал 5-21 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысында Орал популяциясының төлдеріне санақ жүргізу үшін үш-үштен 6 волонтер керек.

Волентерлар өңірлерге Нұр-Сұлтан қаласынан шығады.

Волентерлардың негізгі міндеттеріне трансекталарда киіктің жаңа туған төлдерін іздеу, салмағын өлшеу, мәліметтерді жазып алу және қауымдастық мамандарына қажетті өзге де көмек түрлерін көрсету кіреді.

Далалық лагердегі жұмыс уақыты таңертеңгі 7-00-де басталып, кешкі 17-00-ге дейін жалғасады және күніне 15 шақырымнан астам жол жүреді.

Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығы волонтерларды астанадан далалық лагерьлерге дейін көлікпен жеткізеді және жолда қонақ үй, тамақтану шығындарын көтереді. Төсенішпен, ұйықтауға арналған матраспен қамтамасыз етіледі, — делінген хабарламада.

Волонтер болғысы келген азаматтар мына сілтемеге өтіп, өтініш толтырулары қажет. Лайықты кандидатты таңдағаннан кейін қауымдастық мамандары өздері хабарласады.

ДереккөзInform.kz