Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айындағы басты 3 мереке:

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге тура келеді, сондықтан ел тұрғындары 3 күн демалады: 1, 2 және 3 мамыр.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні жұмада болады. Бұл күн де демалыс күні.

9 мамыр — Жеңіс күні жексенбіде тойланады. Сәйкесінше демалыс күні дүйсенбі 10 мамырға ауыстырылады. Нәтижесінде 8, 9, 10 мамырда демаламыз.

Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында – 1, 2, 3 мамырда, содан кейін — 7, 8, 9, 10 мамырда демалады. 11 мамырдан бастап жұмысқа кіріседі.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 7 мамырда демалады, 8 — жұмыс істейді, 9, 10 — демалады. 11 мамырдан бастап жаңа жұмыс аптасы басталады.

Жалпы мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады.