Азаматтығы жоқ адамдар қашан вакцина салдыра алады?

Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдардың ішінде тек аккредиттелген тұлғалар ғана вакцина ала алады. Яғни, дипломталиялық корпус қызметкерлері ғана. Қалған резидент емес тұлғалар туралы мәселе ведомствоаралық комиссияда қаралды. Резидент еместердің жеке сәйкестендіру нөмірі болмағандықтан, екпе төлқұжатын жасау қиын. Мәселе шешіліп жатыр. Жуық арада нақты шешім шығады деп ойлаймын, — деді басқарма басшысы.

Тимур Мұратов сонымен бірге Нұр-Сұлтанның «қызыл» аймақтан неліктен шыға алмай отырғаны да айтты.

Коронавирус инфекциясы тіркелуінің негізгі себебі тұрғындардың карантин талаптарын сақтамауы, атап айтқанда адамдар жаппай жиналатын жерлерге баруы, маска тақпауы болып отыр. Амбулаторлық науқастардың, сонымен жақын байланыста болған тұлғалардың үй карантині режимін сақтамауы да инфекция тіркелуінің бір себебі, — деді ол.

Оның айтуынша, үй карантині режимінің бұзылуы Ashyq жобасы арқылы анықталып жатыр.

ДереккөзInform.kz