Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру құқығына ие болды

Заңға сәйкес «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 15-бабы бойынша парақорлармен күресетін қызмет жаңа құзырға ие болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15-бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылар туралы хаттамалар толтыру құқығы берілді. Сонымен бірге кәсіпкерлік саласындағы 2 құрам, мемлекеттік билік институттарына  қол сұғатын және әкімшілік-құқықтық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты 7 құқық бұзушылық туралы баптар, – деді Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеу басқармасының бөлім басшысы Марат Мұхамеджанов.

Жемқорлықпен қоғамдық негізде күрес жүргізіп жатқан белсенділердің айтуынша, күшіне еңген заң мемлекеттік агенттікпен бірлесе қызмет атқаруда сеп болмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеп жүрген қоғамдық негізде біз сияқты азаматтарға үлкен көмек болады. Агенттікпен тікелей байланыста жүрген қоғам белсенділеріне де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, жүргізіп отырған жұмыстарына тың серпін беретін жаңалық деп айта аламын, – деді «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев.

ДереккөзAlmaty.tv