Астанада жылу беру маусымы 29 сәуірде аяқталады

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада 2020-2021 жылдарына жылу беру маусымын аяқтау туралы қаулыға қол қойды.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласында 2020-2021 жылы жылу беру маусымын 2021 жылғы 29 сәуірден бастап аяқтау;

2. “Нұр-Сұлтанның Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын”, — делінген әкімдік қаулысында.

Қала әкімдігі биылғы жылыту маусымы 219 күнге созылғанын хабарлады.