Президент ArcelorMittal компаниясының төрағасын қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірісті жаңғыртуға және экологиялық көрсеткіштерді едәуір жақсартуға бағытталған жаңа инвестициялық бағдарламаны таныстырды.

Кездесу барысында ауаға шығарылатын қалдықтарды 2024 жылға қарай 30%-ке азайту және екінші ЖЭО-ны жаңғырту жөніндегі жоспарға баса мән берілді.

Мемлекет басшысы еңбек өнімділігін арттыру, жоғары сапалы өнеркәсіптік өнімнің түрлерін көбейтіп, оның экспортын ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын ашу керек екенін айтты.

Фото: Akorda.kz

Президент ArcelorMittal компаниясы өзі жұмыс істеп жатқан қалалардың әлеуметтік дамуына белсенді атсалысуы, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі салалары бойынша ең жоғары стандарттардың сақталуы маңызды екенін атап өтті.