Басты бет Жаңалықтар Бораннан Қазақстанның үш облысындағы жолдар жабылды

Бораннан Қазақстанның үш облысындағы жолдар жабылды

Боранға байланысты Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды.

«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметінше, бүгін таңертең Алматы облысы аумағындағы «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Түнгі 01:30-дан бастап Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырымындағы Айша Бибі-ОҚО шекарасына дейінгі учаске жабық тұр.

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-611 шақырымындағы Жамбыл облысы шекарасынан Ақбиік ауылы аралығында көліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version