Елшілік Ресейде жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің талабы осындай. Заңсыз жүрген азаматтар санатына мүлдем тіркеуге тұрмаған немесе уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының және тұрғылықты тұруға рұқсатының уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады, — делінген хабарламада.

Заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін Ішкі істер министрлігі органдарына жүгінуге құқылы.

Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды.

Елшіліктің хабарлауынша, егер қазақстандықтар Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартса және елден өз еркімен кеткісі келмесе, құқық бұзушыларға елден мәжбүрлеп шығару және Ресейге кіруге шектеу қою шаралары қолданылуы мүмкін.