Данияр Құрманбаев
Данияр кез келген сандармен математикалық есептерді компьютерлік жылдамдықпен ойша шығара алады. Ол YouTube-қа салынған видеодан кейін танымал бола бастады. Бейнежазбада тоғыз жастағы Данияр ересек адамның тапсырмасымен сандарды ойша қосып, азайтады. Бұдан кейін оны Андрей Малахов пен Александр Гордон өз бағдарламаларына шақырған болатын.
Бибісара Асаубаева
Он екі жастағы Бибісара классикалық шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы. Шахматта оны спорт шеберлері — ересек ер адамдар да жеңе алмады.
Бибісараны шахматқа 4 жасында атасы үйреткен. Содан бері оқушы қыз бұл ойын түріне күніне 8 сағат арнайды. Ол 6 жасында Астанадағы чемпионатта жасы үлкен қыз балалармен ойнап, бірінші орынды иеленген болатын.
Жансая Әбдімәлік
Жансая 6 жасында Алматыдағы біріншілікті ұтып, бір жылдан кейін ел чемпионы болды. Сәл кейінірек Азия және әлем чемпионы атанды. 2013 жылы FIDE азиялық федерациясы Жансая Әбдімәлікті 20 жасқа дейінгі Азияның ең үздік шахматшысы деп таныды.
Қазір Жансаяның жасы — 16-да. Ол төрткүл дүниеге жас гроссмейстер қыз ретінде танымал.
Жамбыл Дүйсенов
Ұлы ақын Жамбылдың есімін арқалаған жас дарын 9 жасында «Періште тілек» атты жыр жинағын шығарды.
2 жасында әріп танып, бес жасында ата-анасына арнап өлең жазды.
Алдияр Божбанов
Алдияр мектепке 4 жасында барды. 6-сыныпта арнайы құрылғының көмегімен органикалық қалдықтарды газға айналдыруды және одан жылу мен электр жарығын өндіруді үйренді. Сөйтіп, эко-қалашық, жел-күн электрстансысы және әмбебап қуаттандыру құралын ойлап тапты. Ол өзінің барлық идеялары өндірістік қолданысқа енетініне үмітті.