Mega-дағы оқыс оқиғадан кейін сауда орталығында қосымша тексеріс жүргізіледі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mega сауда және ойын сауық орталығы жауапкершілікті сезінеді және ғимарат ішіндегі барлық элементке қосымша тәуелсіз тексеріс жүргізіледі.

Біз Marwin дүкенінде болған жағдайға қатты өкініш білдіреміз. Mega орталыққа келушілердің қауіпсіздігіне қатысты барлық жауапкершілікті сезінеді және орталықтағы жалға алушыларда болған жағдайлардан ешуақытта тыс қалмайды. Қазіргі таңда cауда ойын-сауық орталығының жалпы және балаларға арналған аймақтарында, оның ішінде Marwin дүкеніндегі барлық элемент пен құрылымға қатысты қосымша тәуелсіз тексеру жүргізіледі, — деп хабарлады Mega ССО баспасөз қызметі.

Бұл оқиға 25 сәуір күні сауда және ойын сауық орталығындағы Marwin дүкенінде болған.

Marwin дүкендер желісінің бас директоры Вадим Голенко балаға орталықтағы кезекші дәрігер алғашқы медицина көмегін көрсеткенін, жедел жәрдем бригадасы шақырылғанын хабарлады.

Біздің техникалық қызметкерлер құрылымды алып тастады және болған жағдайды тексеріп жатыр. Бұған қоса барлық дүкендегі осындай құрылым алынып тасталды, басқа да құрылымдардың орнатылуы және бекітілуі тексеріледі, — деді Вадим Голенко ол.

Дүкендер желісінің директоры сонымен бірге жарақат алған балаға қандай да бір көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Біз балақайдың ата-анасымен үнемі байланыстамыз және сауығып кетуі үшін қажет көмекті көрсетуге әзірміз. Балақай қазір үйінде, — деді Вадим Голенко.

Еске салайық, бүгін Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде баланың үстіне ойыншық мүсін құлап кеткені туралы хабарлаған едік.

Баланың әкесі Жәнібек Башановтың айтуына қарағанда, ұлының миы шайқалған. Ал жүктілігіне тоғыз ай болған әйелі шошып қалған.