Жыл сайын Рамазан айын ерекше күтеміз. Диас биыл оразаны 16-жыл ұстап жатыр, менің ауыз бекіткеніме 5-6 жыл болды. Бірақ биыл сәбилі болғаннан кейін ораза ұстамадым.  Дегенмен дәл осы ай жыл сайын бізге үлкен өзгерістер алып келеді. Әсіресе, рухани кемелденуімізге көп көмектеседі, сол себепті оны ерекше қарсы алуға тырысамыз.

Айжан Кәрібаева
Wolt тапсырысты үйге жылдам жеткізді

Биыл Рамазан айын алғаш рет өз шаңырағымызда, жаңадан алған үйімізде күттік. Отбасы болғалы ата-аналарымызбен өткізетінбіз. Әдетте әйел адамдар Рамазанға дайындықты азық-түлікті қамдаудан бастайды. Биыл да Рамазан дастарханының басты дәмі — кептірілген жемістер сияқты пайдалы тағамдарды алып қойдым.

Wolt, Диас Жорабеков, Айжан Кәрібаева
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Диас жылдағыдай Рамазан басталардан бір ай бұрын аптасына екі рет ораза ұстап жүрді. Бұрын Рамазанға дайындық алдында асқазанда ешқандай ақау болмауы керек деп, медицина тексеруінен өтетінбіз.

Фото: Бақдаулет Әбдуалы

Кейіннен барынша рухани жағынан көбірек дайындалуды қолға алдық. Өзімізге кішігірім жоспар жасаймыз. Қандай кітап оқуымыз керек, қандай жақсы әдет қалыптастыруымыз қажет деген сияқты тізім құрамыз.

Диас Жорабеков пен ұлы Дәрмен
Диас Жорабеков пен ұлы Дәрмен. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Осы кезеңде көп кітап оқуға, рухани білім алуға тырысамыз. Қасиетті айды тиімді өткізуге талпынамыз, себебі Рамазанда көп сүрелер, аяттар оқыған сауапты іс деп айтып жатады. Бірақ, меніңше, ер адам мен әйел адамның Рамазанды өткізуі жағынан өзгешеліктер бар. Оларға құлшылық амалдарын жүйелі жасауға әйел адамдарға қарағанда әлдеқайда жеңілірек тәрізді. Біз үй шаруасына, бала күтіміне көбірек назар аударымыз қажет. Дегенмен барынша тырысып бағудамыз.

wolt
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жас отбасы болған соң кішігірім мемлекетіміздегі дәстүрлер ақырындап қалыптасып келе жатыр. Алдыңғы жылдары ауыз бекітіп жүрген кезде сәресін ішкеннен кейін далада серуендеп келетінбіз. Биыл жағдай сәл өзгерді. Мен кішкентай сәбимен үйде қаламын. Бірақ жыл сайынғы дәстүр бойынша жақындарымызға ауызашар береміз.

Ауызашар беру дәстүрі жылдағыдай жиі деп айта алмаймыз. Пандемияға байланысты өзіміз де көпшілік ортасына шықпауға тырысамыз. Уақыттың басым бөлігін отбасымызбен өткіземіз. Былтыр карантин кезінде тіпті үйден шықпаған едік. Дегенмен сол Рамазан мен үшін керемет естелік болып қалды. Үй іші түгел жанымда. Ауызашарға әдетте жақындарымыз, ата-анамыз шақыратын. Өткен жылы тек үйде өткізіп, өзіміз үшін дастархан жайдық.

Айжан Кәрібаева
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Отбасымызбен оразадан бөлек дұрыс ашығу әдетін жүргіземіз. Рамазан айын жеңіл өткізуімізге оның да әсері бар сияқты. Бірақ ораза кезінде ескеру керек бірнеше нюанс бар. Әдетте ашығуға кіретін, шығатын кезең болады, оны да дұрыс жасау керек. Ашығудан кейін бірден көп тамақ жеуге болмайды. Бұның асқазанға зияны өте көп. Ораза кезінде де ұстанатын ережелеріміз бар.

Wolt, Диас Жорабеков, Айжан Кәрібаева
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мысалы, ауызашарда су ішкеннен кейін бірден тамақ ішпейміз. Біраз жүреміз. Тамақтың бірінші бөлігінде жеңіл салат, көкөніс, жасыл шөптер болғаны абзал. Асқазанға көп салмақ түсірмеу қажет. Ауызашарда қатты тойып алмауды ескереміз. Бұның бәрі — ашығу әдетінен қалыптастырған дұрыс ережелеріміз. Рамазан айы аяқталғаннан кейін де дұрыс тамақтануды ескереміз. Бұл жаңағы айтқан ашығудан дұрыс шығу кезеңіне жатады. Ораза аяқталған соң 3 күн немесе бір апта болсын дұрыс тамақтану режимін ұстанған жөн. Оразаны, ашығуды аптасына екі рет болсын ұстанып тұрған дұрыс. Бұның денсаулыққа пайдасы өте мол.

Wolt, Диас Жорабеков, Айжан Кәрібаева
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Біз Диаспен көп нәрсені бірге атқарғанды жақсы көреміз. Әрдайым болмаса да, ас әзірлегенде Диас қолғабыс жасайды. Әсіресе, ауызашар кезінде дастарханды бірге жаямыз. Қазір нәрестемен болған соң маған екінші адамның көмегі жиі қажет болып жатады. Диас сол кезде қасымнан табылады. Кейде ауызашар дастарханын жасап үлгермей жатсам, өзінің аузы берік екеніне қарамастан көмектеседі.

Бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Диас та тағамдарды өте дәмді әзірлейді. Әсіресе, тауықты, балықты маринадтап, ток пеште керемет дәмді дайындайды. Бірақ бұндай сәттер жиі бола бермейді. Таңғы асты, түрік асханасының менеменін де шебер жасайды.

Wolt, Диас Жорабеков, Айжан Кәрібаева
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бірге ауыз бекітіп жүргенде Дәрменге бөлек тамақ әзірлейтінмін. Биыл Оразаның бірінші күні таңғы ас ішерде «Папа неге бізбен бірге ішпейді?» деп сұрады, бәрін түсіндірдік. Діни түсініктерді баланың тілімен жеткізуге тырысамыз. Оразаны ұстауды Алла айтқан дедік. Жазда 5-ке толады, көп нәрсені ұғады. «Папа, сенде ораза қашан бітеді?» деп сұрап қояды. Меніңше, бала осы кезден бәрін біле бергені жөн.

Қонақ күту керек болса, алдымен меню жасап аламыз. Салат түрін анықтап, ыстық тағамды анықтаймыз. Содан кейін азық-түлік алуға барамыз. Шыны керек, бұрын осы процесс үшін бір күніміз кететін. Қазір көмек тіпті қажет. Қызымыз 2 айға енді толады. Бұл кезде балалардың көбінің іші бұрап ауырады. Түнде ұйықтай алмайды. Кейбір кезде күні бойы қолымда жүреді. Ондай кезде тамақ әзірлеуге уақытым болмай кетеді. Қазір қасымда сіңілім бар, көмектеседі.

Қонақ шақыратын болсақ, бір жарым күндей дайындаламыз. Мысалы, ертең қонақ келетін болса, көп нәрсені түнде жасап тастауға тырысамын. Өйткені ертеңгі күні бала мазалы бола ма, жақсы ұйықтай ма — белгісіз.

Wolt, Диас Жорабеков, Айжан Кәрібаева
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Түрлі жағдай болса да, бізді құтқаратын бір нәрсе — тапсырыспен тамақ алдырту. Меніңше, қазіргі күні ол кейбір отбасыға тіпті қажеттілік болып та кеткен шығар. Өйткені шыны керек, қолыңды жеңілдетеді. Жасаған тамағым қалай шығып қалады екен деп уайымдамайсың.

wolt. дастархан
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мен сияқты жас келіншектер кейде тәжірибесінің көп болмауынан, алаңдағаннан стресс жағдайына кіріп кетуі мүмкін. Ал тапсырыс берсең, оны білікті аспаздар дайындайтынына, дәмді болатынына 100% сенесің.

wolt. дастархан
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Маған Wolt қатты ұнайды. Өйткені таңдауда керемет мейрамханалар бар. Тіпті құдайы қонақ келіп, жоспардан тыс дастархан әзірлеу қажет болса да, Wolt оп-оңай құтқарады. Бұл қызметті жиі қолданамыз.

wolt
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Үлкен қаланың ритмінде, күнделікті өмірде қалыптасып кеткен нәрсе. Бұған Диастың да көзқарасы оң. Үлгермей жатқанымды байқаса, өзі ұсыныс жасайды. Wolt-та тапсырыс беру процесі де өте жеңіл, үйге жылдам жеткізеді.

Бүгін де қонақтарымызға Wolt арқылы 5 адамға арналған ауызашар менюінен тағамдарға тапсырыс бердік.

wolt. дастархан
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Менюге құрма, бір порция долма, джонджолимен панепури, нана салаты, майдағы кавказ салаты, лобио, шкмерули, сиыр етімен мини-хинкали, кілегей-бұрышты соус, сиыр етінен чашашули, оджахури бар. Барлығы біз күткендей өте жоғары дәреже. Қонақтарымыз дән риза, біздің де көңіліміз хош. Әрі дәмді, әрі ыстық күйінде жылдам жетті.

«Қонақ келсе, құт келеді» дейді. Сол себепті оны ауыр жұмыс көрмей, керісінше қонағымыз келгенше асыға күтеміз.

wolt
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Wolt қосымшасын жүктеп, ифтар-сетке 500 теңгеге жеңілдік алыңыз. Жеңілдікті қолдану үшін RAMADAN21 промокодын айтуыңыз керек. Бұл — барлық жаңа қолданушыға арналған мүмкіндік! Ас болсын!

МАҚАЛА WOLT ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСАЛҒАН

Wolt Logo