21 желтоқсан күні «ҚазМұнайГаз» жанармай бекетінде АИ-92 бағасы — 133 теңге, қысқы дизель отыны — 156 теңге, жазғысы — 128 теңге болды.
Sinooil компаниясының сайтында көрсетілген бағаға сенетін болсақ, онда бір литр жанармайдың құны — 134 теңгеге, жазғы дизель — 128 теңгеге бағаланған.
Ал, Helios бекетінде АИ-92 бір литріне — 135 теңге, дизель отынының қысқы және жазғы түрлері үшін — 179 және 131 теңге.
Royal Petrol сұраныстағы жанармай үшін — 135 теңге, жазғы дизель үшін — 128 теңге сұрайды.
Жанармай тапшылығы сақталады
«Менің ойымша, 2017 жылы жанармай бағасы қымбаттайды. Себебі келесі жылы салықтың көтерілуіне байланысты ресейлік жанармайдың бағасы 10-12 пайызға көтеріледі. Ал, біздегі баға ресейліктерге қарап қойылатындықтан, біздегі баға да өседі», — дейді мұнай және газ саласының сарапшысы Сергей Смирнов.
Оның айтуынша, жанармай бағасының қаншалықты өсетенін Ресейлік бағаға қарап білуге болады: шамамен, 10-12%-ға артады. Одан бөлек, Қазақстанда жанармай тапшылығы деген мәселе бар.
«Мұнай ведомствосы басшысының айтуынша, бізде мұнай өңдейтін зауыттарды жетілдіру арқылы, бұрын да айтылғанындай, елімізде 18,5 млн тонна мұнай өндірілетін болады. Меніңше, 15,5 млн тонна өндіріледі. Министірліктің бізге осы да жеткілікті екенін айтады, алайда тәжірибе керісінше көрсетті. Демек, тапшылық сақталады»-дейді сарапшы.
Смирновтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан бір миллионнан астам жанамайды Ресейден импорттайды, себебі өзіміздегі өндіріс жетіспейді. Ал, 2018 жылы еліміздегі көлік саны бұдан да өсе түсетіні анық. «Оның үстіне АИ-80 жанармайымен жүретін барлық ескі көліктерді утилизацияға жіберіп жатыр. Ал, біздегі жанармай өндірісі тек 1 млн тоннаға ғана артады. Яғни, 2018 жылы жоғарғы сұрыпты жанармайға деген мұқтаждық арта түседі»,-деп түсіндірді ол.
Сарапшы жанармай бағасына әлемдік нарықтағы мұнай бағасы әсер етпейтінін, тек ресейлік бағаның әсері болуын айтады.
Министр себебін түсіндірді
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қараша айының басында жанармай бағасы неліктен қымбаттап кеткенін мұнай өңдейтін зауыттардағы жөндеу жұмыстарымен түсіндірген еді. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы зауыттың жөндеу жұмыстары аяқталған соң АИ-92-нің өндірісі артатынын айтқан болатын. Одан бөлек, павлодарлық зауытта да техникалық қателіктерге байланысты жөндеу жүргізіліп, салдарынан «қазақстандық арзан жанармайды ресейлік қымбат жанармай алмастырғанын» да атап өтті.
«Нарықты қайта реттеу кезінде жанармай бағасының өсуі — заңдылық. 2017 жылы АИ-92 бағасы литрі үшін 150 теңге болуы мүмкін»,-дейді мұнай және газ саласының тағы бір сарапшысы Камила Манакова.
Оның ойынша, жанармай қымбатшылығынан қашу мүмкін емес, тек бағаларды реттеп отыру керек. «Осы орайда заңға жер қойнауын пайдаланушы мен мұнай өңдеуші зауыттардың арасындағы делдалдықты қысқарту туралы норма енгізілді. Сондай-ақ, жанармай тапшылығының алдын алу үшін мұнай өңдейтін зауыттардың жоспарлық сақтандыру жұмыстарының мерзімі қысқартылды. Соның арқасында өңделген мұнай көлемі артты. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 13 желтоқсандағы АИ 92/93 жанармайының қоры 103 мың тоннаны құраған»,-дейді ол.
Қортындылай келгенде, Камила Манакова мұнай өңдеуші зауыттардың жыл сайын техникалық жөндеуге жабылуынан 2017 жылы жанармай тапшылығы болуы мүмкін екенін айтады.