«Жыл соңына дейін әскерилер 100% екпе алады». Қарулы күштердегі вакцинация

  • Жыл соңына дейін қанша әскери қызметкер екпе алады?

— Жыл соңына дейін біздер 100% әскерилерді вакцинациялау жоспарлап отырмыз. Әрине, 100%-ке жетпеуі мүмкін, өйткені медициналық қарама-қайшылықтар болады. Ол бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген жүктілер, бала емізетіндер, қандай да бір аурулары бар адамдар.

  • Әскерлер вакцинаға байланысты ғылыми сынақтар мен тәжірибелерге қатыса ма?

— Жоқ, әскерилер ғылыми сынақтарға, клиника зерттеулеріне қатыспайды. Бұл халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексінде қарастырылған. Бұл әскери қызметтің ең бірінші тұрақты әскери даярлықта болуымен байланысты.

  • Вакцина салдырған әскери қызметкерлерде қандай да бір жағымсыз әсерлері байқалады ма? Екпеден кейін олар жалпы өздерін қалай сезініп жатыр?

— Қарулы күштерде жаппай вакцинациялау 10 сәуірден басталды. Қазіргі күнде 18 мыңнан астам адам вакцинациядан өтті. Бірақ олардың ішінде жағымсыз әсерлер болған жоқ. Қандай да бір вакцинация алған кезде шамалы дене қызуының көтерілуі, екпе салған орнынының ауруы сияқты шағымдар болған. Ол вакцина алған кезде иммундық жүйенің қарсы реакциясы деп есептейміз.

  • Вакцинаның екі компонентін де қабылдаған әскерилер саны?

— Қазіргі уақытта толықтай вакцинация алған адамдардың саны 500-ден асты.

  • Алыс гарнизондағы екпе қабылдау үрдесі қалай ұйымдастырылған?

— Алыс гарнизондарда екпе жүргізу жергілікті денсаулық сақтау мекемелері арқылы жүргізіледі. Олар аймақтық денсаулық сақтау мекемелерінен жылжымалы екпе жүргізетін бригадалар арқылы жүзеге асырылып жатыр.

  • Ал жалпы мерзімді әскери қызметкерлерге вакцина салына ма?

— Мерзімді әскери қызметкерлерге екпе салынады. Бұл қатерлі топ санатына жататын болғандықтан әскери қызметкерлер топ болып бір жерде өмір сүреді, бір жерден тамақтанады. Соған байланысты оларды бірінші ретте вакцинациялауға жатады. Ол үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Әрбір әскери қызметкер ерікті түрде екпе алады.

  • Әлеуметтік желілерде әскери қызметкерлерді вакцина салдыруға мәжбүрлейді деген ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат қаншалық рас?

— Бұл ақпаратты рас деуге келмейді. Өйткені әрбір әскери ортада әскери қызметші өзінің басшылары, командирлеріне еліктеу арқылы вакцинация алуға талпынады. Мысалға бөлім командирі, медицина қызметкерлері өткеннен кейін олар да екпе алып қатардан қалмауға тырысады.

  • Басшылық құрамнан кімдер вакцина салдырды?

— Қорғаныс министрлігінде екпе салғандардың ең алғашқылары Қорғаныс министрінің өзі, оның орынбасарлары, бас қолбасшылар. Әрине, медициналық қарама-қайшы болған адамдарға ғана екпе алған жоқ.

  • Вакцина салдырған әскери медицина қызметкерлерінің саны?

— Әскери медицина саласының мыңдаған маманы екпе алды.

  • Қазақстанда жалпы қанша әскери медицина қызметкері бар?

— 3000-мыңнан астан әскери медицина қызметкерлері бар.

  • Қанша медицина қызметкері коронавируспен күреске жұмылдырылады?

— Мұндай мәселе қарастырылған. Денсаулық сақтау мекемелерінің жергілікті әкімшіліктердің сұранысы бойынша 2000-мыңнан астам әскери медицина қызметкері коронавирусқа қарсы іс-шараларды жүргізуге жұмылдыра алады.

  • Қазіргі кезде Қазақстанда коронавируспен күреске жұмылдырылған әскери медицина қызметкерлері бар ма?

— Жергілікті әкімдіктердің сұранысы бойынша Нұр-Сұлтандағы бас әскери клиника госпиталі мен Алматығы әскери клиника госпиталі коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге жұмылдырып отыр. Бұл мекемелерде тәжірибе жеткілікті, өйткені пандемияның 1-ші кезеңінде Қарулы күштердің 4 әскери мекемесі коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге жұмылдырылды.

  • Коронавируспен күреске жұмылдырылған әскери медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу жағы қарастырылған ба?

— Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы қарастырылған. Азаматтық денсаулық сақтау саласындағы әріптестер сияқты оларда үстемақы алып отыр.