Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Қырғызстанға 100 мегаватт электр энергиясын тасымалдайды

Қазақстан Қырғызстанға 100 мегаватт электр энергиясын тасымалдайды

Қырғызстан Қазақстанмен 100 мегаватт электр энергиясын импорттау жөнінде келісімге келді. Бұл жөнінде елдің премьер-министрі Темир Сариев Тоқтағұл гидроэлектр станциясында болған жиналыста мәлімдеді.

Оның сөзінше, ірі ГЭС-те апат болған. Қазір тәулік бойында станцияны қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Апат — республикадағы гидроэнергетикалық жабдықтардың барлығын жаңарту қажет деген ескерту деген премьер.

Сариев сонымен бірге, барлық ГЭС-тің техникалық жағдайын тексеретін арнайы комиссия құруды тапсырған.

Алдын премьер-министрдің кеңесшісі Кубанычбек Турдубаев үкімет Қазақстанмен электр энергиясын импорттау жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, 28 желтоқсанда Тоқтағұл ГЭС-те апат болып, төрт ірі генератордың үшеуі істен шыққан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version