Қазақстан-Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі тұрып қалды

Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында (Батыс Қазақстан облысы) орналасқан «Сырым» өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстан Республикасынан шығуға 350-ден астам автомашина көлемінде жүк көлік құралдарының жиналғаны байқалатынын хабарлайды. Қалыптасқан жағдай шектес мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуімен байланысты (тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін «технологиялық өтуді» міндетті түрде ұсынуды талап ету), — делінген хабарламада.

Ресейден Қазақстанға келе жатқан «Маштаков» Ресей Федерациясының іргелес өткізу пункті (400-ден астам автомашина) ауданында да осындай жағдай қалыптасты.

Жүк көлік құралдарының жүргізушілерін, әсіресе тез бұзылатын өнімді тасымалдаушыларды аталған өткізу пункттері арқылы маршруттарды жоспарлау кезінде осы мән-жайларды ескеруін сұраймыз, — деп хабарлады Шекара қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ҚР ҰҚК Шекара қызметі (@shekaraknbkz)