Басты бетЖаңалықтарШымкенттегі Дендросаябаққа...

Шымкенттегі Дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі беріледі

Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында Дендросаябақты қоғам қайраткерінің атына беру мәселесі бірауыздан оң шешімін тапты.

Айта кетейік, Асанбай Асқаров 1978 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған.

Асанбай Асқаров
Асанбай Асқаров, қоғам қайраткері

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшының іскерлігімен қалада көптеген әлеуметтік құрылыстар жүріп, шағынаудандар бой түзеген. Облыс орталығында көпшіліктің көз қуанышына айналған дендросаябақ та тұғырлы тұлғаның тікелей атсалысуымен халық игілігіне берілген болатын.