Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулы шығарды

Астана тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы дерегінің көбеюіне және Қазақстандағы эпидемиология ахуалын бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтанның «қызыл» аймақта екенін ескеріп, келесі шектеулер енгізілді:

1. бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауызашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және тағы басқа) ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және тағы басқаларын өткізуге және қатысуға тыйым салынады;

2. қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютер клубтарына, кинотеатрлар, (Ashyq пилот жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караокеге, кинорумдар, батуттар, түнгі клубтар, букмекер кеңселері мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары, балалар ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда,  мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынады;

3. Ashyq пилот жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді Ashyq мобайл қолданбасын пайдалану қажет;

4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сонымен бірге қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) маска тағу, арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақталады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Осы қаулы 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап күшіне енеді.