Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Асқар Мұратұлы 1976 жылы туған. 2019 жылдың 3 сәуірінен бері Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
Еске салайық, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Ұлан Әліпов жұмысын дұрыс атқармағаны үшін қызметінен кеткен еді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды, – деп хабарлады Берік Уәли.
Ұлан Әліпов бұл қызметке 2019 жылдың ақпанында тағайындалған еді.