Басты бет Жаңалықтар Еуропа компаниялары Израильге бойкот жариялады

Еуропа компаниялары Израильге бойкот жариялады

«Израильге бойкот жариялау» әлемдік қозғалысы аясында Еуропаның 200 заңды тұлғасы Палестина халқының құқығын қорғау мақсатында сионистік режимге бойкот жариялады, деп хабарлайды naryk.kz.

«Израильге бойкот жариялау» әлемдік қозғалысы өз мәлімдемесінде Еуропаның 200 заңды тұлғасының сионистік режимге қарсылық жариялауын жаңа жетістік деп бағалап: «Израильге бойкот жариялау» әлемдік қозғалысы палестиналықтардың құқығын қорғау және халықаралық ұйымдарда Израильды оқшаулау, оған санкция салу шеңберінде толассыз талпыныс жасайды», – деп хабар таратты.

«BDS» деп аталатын «Израильге бойкот жариялау» әлемдік қозғалысы бүкіл әлемдегі кәсіподақтар, діни топтар, үкіметтік емес ұйымдар мен халықтық үкіметтер және азаматтық органдардың қолдауымен күн санап кұшейе түсуде. Сионистік режимге қарсы салынған санкциялар саяси, мәдени, экономикалық және спорт салаларында кең ауқымды салдарларға ие болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version