Басты бет Жаңалықтар Сахара шөліне қар жауды

Сахара шөліне қар жауды

Сахара шөліне, нақтырақ айтсақ, Алжирдегі Айн-Сефре қаласына қар түсті. Шөлдегі қарды Карим Боучатата суретке түсіріп алған. Оның туындысын TSA Algerie порталы жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Автордың айтуынша, қар дүйсенбі күні жауған. Қазір қар тек таулы аймақтарда ғана қалған.

Боучатата бұл аймақта 2013 жылдан бері қардың жауғанын көрмеген. Ол өз сөзінде жергілікті тұрғындардың қарды көргенде қатты таңқалғанын, қуанғанын айтады.

Айта кетейік, Айн-Сефре қаласы Алжирдің таулы аймақтар мен орманы бар жалғыз ғана қаласы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version