Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда жеті жасар қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

Видео скрині

Бұл туралы Алматының полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов айтты.

Оның айтуынша, жеті жасар қыз дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан.

Оның артынан ер адам кіреберіске кіріп, баланы қолына көтеріп, төмен қарай баспалдақпен алып түскен. Содан кейін белгісіз адам кішкентай қызбен бірге кіреберістің бұрышына қарай кеткен, ол жер бейнекамераның көрінбейді. Сол жерде оның қызды шешіндіріп, қолын тигізе бастағаны анықталды, — деді Рүстем Әбдрахманов.

Алматының полиция департаменті бастығының орынбасары бала қашып үлгергенін айтты.

Ол үйге жүгіріп барып, болған жағдай туралы анасына айтып берді, анасы өз кезегінде дабыл қақты. Анасының полицияға жедел жүгінуі қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмектесті, – деп хабарлады қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта сол ауданда тұратын 2002 жылы туған Ф. есімді азамат қамауға алынды. Ер адамның ақыл-есі кем деп есепте тұрғаны анықталды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмыстық істер бойынша тиісті тергеу шаралары мен сараптама зерттеулері жүргізіліп жатыр, – деді ол.

Exit mobile version