Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Каспий теңізі жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер, ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен жер) 20-ға жуық бас түйенің өлексесі табылды.  Мамандар бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы керек деп болжады. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген, — делінген хабарламада.

Түйе
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері өлген түйелердің денесін жойып жатыр.