Исламбек Салжанов президентке бюджетке қосымша түсім әкелетін өзгерістер туралы айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Исламбек Салжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндады.

Исламбек Салжанов іске асырылып жатқан нақты жобалар жайында, сонымен бірге Үкіметпен бірлесе отырып аталған салаға халықаралық компаниялар мен инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында орындалған жұмыстар туралы мәлімет берді. Ассоциация басшысының сөзінше, бұл елімізде көптеген жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, ал, салық саясатына енгізілетін кей өзгерістер ел бюджетіне қосымша түсім әкеледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет жаңа технологияларды экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын айтты.