Алматыда караоке және банкет залдары ашылуы мүмкін

Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты.

17 сәуірден бастап Алматы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сонымен бірге QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылды. Кинотеатрларды қосудың алғашқы күні-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 5 келуші анықталды. Егер Алматы «жасыл» аймаққа өтсе, мамыр айында Ashyq жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді, — деді Айтуар Қошмамбетов.

Алматы санитария-эпидемиология бақылау департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов әрбір кәсіпкерлік субъектісіне болашақта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жеке QR кодтары берілгенін айтты.

Мамыр айында біз караокені, сонымен бірге толымдығы 50%-дан аспайтын банкет залдарын қосу туралы мәселені қарастырамыз, — дейді ол.