Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Алматының төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлауынша, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.

ТЖД «101» пультіне 20 сәуір күні түскі сағат 11-лер шамасында куәгерлерден Алатау ауданы Әйгерім-2 шағын ауданындағы Қожаханов-Бембердин көшелерінің қиылысында автобустың жанғаны туралы хабарлама түсті. 7 минуттің ішінде келгенде өрт сөндірушілер «Лиаз» маркалы автобустың жанғанын анықтады. 20 шаршы метр жерді жалын шарпыған. Дереу көбігі бар өрт оқпандары жанып жатқан автобусты сөндіруге және автобус конструкцияларын суытуға бөлек өрт оқпандары берілді, — делінген хабарламада.

Алматы, өрт, қоғамдық көлік
Фото: Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департамент өрт жеті минутта, сағат 11:22-де толық сөндірілгенін хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қалалық мобильділік басқармасы өкілдері №115 маршрут бойынша жүретін автобустың өртенгенін айтты. Ведомство мәліметіне сүйенсек, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)