Берік Имашев президентке әкімдер сайлауына дайындық туралы айтты

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының екінші жартыжылдықта өтуге тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндады.

Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда биыл 836 әкім тікелей дауыс беру арқылы сайланатыны хабарланған еді.