Алматы мен астанада кинотеатрлар ашылды

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

17 қаңтарда Ashyq қосымшасы іске қосылды. Әуелі ресепшн қызметі бар нысандарды енгізіп бастадық. Яғни фитнес-клубтар, бассейндер мен спа-орталықтар кірді. Келесі кезеңде компьютер клубтары қосылды. 14 сәуірден бері кинотетарларға жол ашылды, — деді Юлия Якупбаева.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар сенбі-жексенбіде жұмыс істей бастады. Қосымшаның арқасында кинотеатрға келген «қызыл статусты» тұлғалар кіргізілмеген.

Ashyq қосымшасына 14 сәуірден бері Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Көкшетау қосылды. Қазір аталған қалалар бойынша 619 бизнес өкілі қатысып жатыр.

ДереккөзHolanews.kz