Қазақстанда 12 мыңнан астам әскери қызметкер вакцина салғызды

Бұл туралы Бас әскери медициналық басқарманың бастығы айтты.

Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде ел әскерінің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Кеңесте, «Қалқан-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуының қорытындылары баяндалып, онда Қарулы күштердің, Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның мемлекеттік шекараны күшейту жөніндегі бірлескен практикалық іс-қимылдары алғаш рет пысықталды. Оқу-жаттығу барысында арнайы операциялар күштерінің құралымдарын ауқымды қатыстыру жүзеге асырылып, онда әскерлер іс-қимылдардың жаңа нысандары мен әдістерін, тактика тәсілдері қолданды.

Оқу жаттығу, әскер
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрі оқу-жаттығу нәтижелерін талдау негізінде әскерлерді жауынгерлік және жедел даярлау үрдісіне маневрлер барысында тиімділік көрсеткен тәжірибені енгізуге нұсқау берді.

Қысқы оқу кезеңінің аяқталуына байланысты полигондар мен оқу алаңдарын оқ-дәрілер қалдықтарынан тазарту бас қолбасшыларға, қолбасшыларға тапсырылды. Бұған қоса, қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне ауыстыруды уақытылы орындау қажеттігі және бұл іс-шаралар жазғы оқу кезеңіне қарай аяқталуы тиістігі айтылды.

Оқу жаттығу, әскер
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскерге шақыру науқанын жалғастыру барысында сонымен бірге барлық санитария-эпидемиология шарасының сақталуына назар аударылды. Бұл шаралар әскерге баратындарды іріктейтін жергілікті әскери басқару органдарына да, жас сарбаздар келген соң карантиндік іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс әскери бөлімдерге де қатысты.