Балқаш-Бұрылбайтал тас жолы 2023 жылы толық аяқталады

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Балқаш-Бұрылбайтал тас жолының бір бөлігі биыл ашылады.

Қазір Қазақстанда бірқатар ірі автожол жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – «Балқаш-Бұрылбайтал» тас жолының реконструкциясы. Оның ұзындығы 228 шақырымды құрайды. Биыл жол қызметкерлері жолдың төменгі қабатындағы көліктер үшін трафикті екі бағытта 124 шақырымда және бір бағытта 114 шақырымда ашады. Жұмыстардың толық аяқталуы 2023 жылға жоспарланған, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі сонымен бірге Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жол жұмыстары туралы да айтты.

Тұрғындардың көптен күткен тағы бір жобасы – ұзындығы 427 шақырым болатын «Қызылорда-Жезқазған» автожолын реконструкциялау. Бүгінде жоба бойынша ТЭН мен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жылдың соңына дейін мердігер ұйымдар анықталады. Бұдан соң кең ауқымды жұмыстар басталмақ, — делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, II техникалық категория бойынша салынатын Қызылорда-Жезқазған тас жолындағы реконстуркция жұмыстары 2024 жылы аяқталады.