Павлодар облысында қарағай орманы өртенді

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

18 сәуірде 13 сағат 34 минутта «Ертіс Орманы» МОТР орталық диспетчерлік қызметінің диспетчерінен Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайындағы басқармасына табиғи өрттің пайда болуы, атап айтқанда Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округі дала орманшылығының орман жабылған аумағында №149,70 кварталдарда құрғақ шөп пен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті. Бұл жер Шарбақты ауылының №7 өрт сөндіру бөлімінен 60 шақырым қашықтықта, делінген хабарламада.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ішкі жану мен қатты желге байланысты от үш бағытта таралған.

Екі бағытта қарауылдау жүргізілді, бір бағытта сөндіру жүргізілді. Өрттің шамамен ауданы 1 000 гектар, оның ішінде орман жабылған аумақ 300 гектарға жетті, — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Pavlodar oblysynyń ТJD (@pavlodar_tjd)

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі орман өрті таңғы сағат 8.30-да сөндірілгенін хабарлады. Өртті сөндіруге жалпы 50 бірлік техника және 206 адам жұмылдырылған. Өртті сөндіру ауысыммен жүргізілген.

«Ертіс Орманы» МОТР республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры Тоқтасын Қадырбай ұшу барысында 8 сағат 30 минутта КШМ штабына өрттің ауыздықталғаны туралы ақпарат берді. Жағдай бақылауда, — делінген төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асайын Байхан Instagram-парақшасында өрт сөндірушілерге, орманшыларға және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)