Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Әлімбаев Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстанның Шри-Ланка демократиялық социалистік республикасындағы, Бангладеш халық республикасындағы, Непал федеративтік демократиялық республикасындағы, Бутан корольдігіндегі, Мальдив республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ерлан Әлімбаев 1975 жылы 6 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін, Женева халықаралық қатынастар және дипломатия институтын тәмамдаған (Швейцария Конфедерациясы).

1997 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігін жүйесінде жұмыс істейді.

Дипломатиялық қызметін Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің референт ретінде бастап, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші дәрежесіне дейін көтерілді.

2008-2010 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде ол Қазақстанның Үндістан және Кореядағы елшіліктерінде, сонымен бірге Швейцарияның Женева қаласындағы БҰҰ кеңсесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігінде қызмет етті.

Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстандағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ұлттық үйлестірушісі болды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бүгінге дейін Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.