Қазақстанда тағы 2 828 адамнан коронавирус анықталды

Ең көп дерек Алматы мен Нұр-Сұлтанда, Алматы (243), Қарағанды (210), Ақтөбе облыстарында (200) тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда — 45 586 (+677);
Нұр-Сұлтанда — 39 332 (+636);
Шығыс Қазақстан облысында — 23 801 (+105);
Атырау облысында — 20 585 (+127);
Қарағанды облысында — 20 519 (+210);
Павлодар облысында — 19 781 (+37);
Батыс Қазақстан облысында – 17 065 (+109);
Ақмола облысында – 16 762 (+102);
Алматы облысында — 18 304 (+243);
Қостанай облысында — 14 365 (+29);
Солтүстік Қазақстан облысында — 13 579 (+45);
Шымкентте — 8 181 (+126);
Ақтөбе облысында — 7 484 (+200);
Жамбыл облысында — 7 041 (+43);
Маңғыстау облысында — 4 962 (+33);
Түркістан облысында — 4 891 (+48);
Қызылорда облысында — 4 763 (+58).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 287 001-ге жетті. Оның 246 323-і жазылып шықты, 3 384-і қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

16 сәуірдегі мәлімет бойынша 81 жаңа дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. 89 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 844 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды. Оның 50 639-ы аурудан айықты, 750-і қайтыс болды.