“Дін бұған қарсы келмейді”. Алматының бас имамы вакцина салдыруға үндеді

Алматы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ол Рамазан айы кезіндегі екпенің оразаны бұзбайтынын айтты.

Вакцина дінге қайшы дейтіндер бар. Ол дұрыс емес. Қалада имамдар кезекпен вакцина салдырып жатыр. Бізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының вакцина туралы пәтуасы бар. Онда екпенің бұлшық етке енетін дәрі және оның қажет екендігі туралы айтылады. Сондықтан екпе оразаны бұзбайды, – деді Еркінбек Шоқай.

Еркінбек Шоқайдың айтуынша, бүгінде Алматыда діни бірлестіктердің өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина салдырып жатыр.

Жалпы, Алматыда түрлі діни бірлестіктің өкілдері өздерін және жақындарын қауіпсіздендіру үшін ғана емес, пандемиямен күресте Қазақстан халқының бірлігін көрсету үшін, сонымен бірге шіркеу келушілеріне вакцинациялануға болатынын, оның қажет шара екенін көрсету үшін вакцина салдыру қажет деп шешіп жатыр, – деді ол.

Еркінбек Шоқай
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы мешітінің бас имамы мұсылмандарды COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға шақырады.

Екінші жыл қатарынан бүкіл әлем коронавирус пандемиясының салдарынан қатаң шектеулер режимінде өмір сүріп жатыр, одан Қазақстан да зардап шекті. Бүгінде бұрынғы өмірге тез оралуға көмектесетін жалғыз құрал – вакцинация. Кейінгі кездері бұл процедура дінге қайшы келеді деген көп аңыз пайда болды, бірақ олай емес. Вакцинация ешқандай жолмен оразаны бұзбайды, өйткені сұйықтық (зат) қанға ас қорыту жүйесі арқылы енбейді. Вакцинация денсаулықты сақтауға және басқаларды қорғауға көмектеседі. Дін бұған қарсы келмейді, – деді Еркінбек Шоқай.

Еске салайық, ҚМДБ мәліметтеріне сәйкес, ішке табиғи жолмен (ауыз, мұрын, тік ішек арқылы) енетін барлық нәрсе оразаны бұзады, ал егер зат ағзаға сыртқы қолдану арқылы енсе, онда ораза бұзылмайды.

Бұл туралы “Фатава Хиндия” кітабында былай делінген: “Май сияқты заттың тері тесігі арқылы енуі оразаны бұзбайды” (1-том, 266-бет). Вакцина – бұл бактериялар мен вирустар сияқты микроорганизмдерден алынған және адам ағзасына жұқпалы аурулардың алдын алу және иммундық қасиеттерді арттыру үшін енгізілген препарат, бұл ағзаны энергиямен қамтамасыз ететін қажетті тамақ немесе витамин емес.

Осыған байланысты вакциналар (тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне енгізілсе) оразаны бұзбайды.

Тағы оқыңыз:

Пандемия кезіндегі сақтық шараларының қайсы оразаны бұзады?

Ауызашар, пітір садақа. Пандемияға тура келген екінші ораза қалай өтеді?