Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда радиобайланыс құралдары жасалып шығарылады

Қазақстанда радиобайланыс құралдары жасалып шығарылады

Жаңа жылдан бастап радиобайланыс құралдары Қазақстаннан шығарылады. Бұл туралы Хабар24 хабарлайды.

Қорғаныс саласында электронды-оптикалық өнім дайындайтын қазақстандық зауыт шетелдік компаниямен келісімге қол қойды. Алдағы уақытта еліміздің Қарулы Күштері мен арнайы орган қызметкерлері өзіміздің байланыс құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

«Осы жоба 20 адамнан басталады. Бұл – бөлек жоба. 96 кісіге, 20 адам қосылады. Бұл телекоммуникация саласында оқыған мамандар болуы керек, әрине. Шетел тілін білулері керек. Қазақстанда төлемақы, бағдарлама саласы осында жасалады. Келешекте сырт саймандары да осында жасалатын болады», — дейді «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары Абиыр Алшынбай.

Шетелдік тауарларды алмастыратын отандық өнімнің алғашқы легін бірінші жартыжылдықта шығару жоспарланған. Зауыт жылына 3000 данаға дейін кәсіби радиобайланыс құралдарының алты түрін құрастыруды көздеп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version