Басты бетМедицинаАлексей Цой: Вакцинаға қолжету теңсіздігі - кедей және бай елдер арасын одан...

Алексей Цой: Вакцинаға қолжету теңсіздігі — кедей және бай елдер арасын одан әрі алшақтатады

Бұл туралы Денсаулық сақтау минстрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЭКОСОС Халықаралық экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талқылау және денсаулық сақтау саласындағы жаһандық проблемаларды шешу жолдарын қоса алғанда, мүше мемлекеттер мен Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіне арналған ұсынымдарды әзірлеу үшін тиімді алаң ретінде танымал.

Әлемде вакциналардың біркелкі бөлінбеу жағдайын талқылау аясында Алексей Цой көтерілген мәселенің өзектілігіне қатысты мәлімдеме жасады.

Дүниежүзі COVID-19-бен күресіп жатыр. Пандемияның ауыртпалығы барлық елге, әсіресе ерекше жағдайдағы, соның ішінде теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге теріс әсер етеді. Сонымен бірге COVID-19 вакциналарына қол жетімділіктің теңсіздігі кедей және бай елдер арасындағы алшақтықты одан әрі тереңдетеді. Біз бас хатшы Антониу Гутерриш пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірлескен жұмысы үшін «GAVI» (вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянс) және «CEPI» (вакциналарды әзірлеу жөніндегі халықаралық альянс) COVAX бастамасының ортақ мақсаттарына жету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалаймыз, — деді ол.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі ұсынылған мүмкіндікті пайдаланып, ірі экономикаларды, халықаралық қаржы мекемелерін және басқа да мүдделі тараптарды әлемнің осы мәселедегі ең осал елдерінің вакциналарына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін елеулі қадамдар жасауға шақырды. Алексей Цой өз халқын вакциналармен қамтамасыз еткен мемлекеттерді енді ең осал елдерге көмектесуге үндеді.

Алексей Цой COVAX делдалдарын ерекше жағдайға тап болған елдер үшін дозалардың пайыздық мөлшерін арттыруды қарастыру туралы айтты. Бұған COVAX қорының үздіксіз және болжамды жұмысына кепілдік беретін ірі экономикалар клубының өсуі мен белсенді қаржыландыруы арқылы қол жеткізуге болады.

Сонымен бірге Алексей Цой ДСҰ мүшелерін COVID-19-ға тиісті жауап беруге, соның ішінде арзан медицина өнімдеріне, вакциналар мен дәрі-дәрмектерге уақтылы қол жеткізуге немесе негізгі медицина өнімдерін зерттеу, әзірлеу, өндіру және жеткізуге көмектесу үшін TRIPS бойынша тиісті міндеттемелерден уақытша бас тартуға шақыру туралы айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да