Алматыда биыл 8 мектеп пен екі балабақша салынады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтты.

2020 жылы 18 білім беру нысанының құрылысы аяқталды, соның арқасында 3 817 оқушы және 240 мектепке дейінгі орын құрылды. 8 нысан бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта құру және сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар орындалды, — деді басқарма басшысы.

Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтуынша, биыл 8 жаңа мектеп, 17 мектепке қосымша ғимарат салынып жатыр.

12 600 орындық 8 жаңа мектеп, 8 263 орындық 17 қосалқы құрылыс, 400 орындық 2 жаңа балабақша салынып жатыр. Бұдан басқа, 14 объектіде қайта жаңарту және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, 41 нысанда құрылыс, жөндеу немесе қайта құру жұмыстары жүргізіледі, — деді ол.

Сапар Нұрашев сонымен бірге қалада екі оқушылар үйін салу жоспарланғаның айтты.

«Жаңа Алматы» кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 2021 жылы Алатау және Наурызбай аудандарында инновациялық шығармашылықтың 2 орталығы — оқушылар үйінің құрылысы қарастырылған. Бүгінде жобалық-смета құжаттары дайындалып жатыр, — деді басқарма басшысы.