Nur Otan жас депутаттар корпусын құрды

Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың мүдделерін қорғау үшін күш-жігерлерін біріктіруге ниетті.

Баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, квотаның арқасында барлық деңгейдегі мәслихаттарда Nur Otan партиясының жас депутаттарының саны 3 есе немесе 7-ден 23%-ке дейін көбейді.

2025 жылға дейінгі «Жастар Отанға!» бағдарламасы қабылданып, онда әлеуметтік лифт құру, жастардың бастамаларын іске асыру, жұмысқа орналастыру, білім беру сапасын арттыру сияқты және тағы басқа 100-ден астам нақты шара қамтылды.

Корпус жұмысы аясында тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, әртүрлі санаттағы жастармен байланыс орнату маңызды. Оның ішінде әлеуметтік желі арқылы жұмыс істеуге, барынша ашық әрі халыққа жақын болуға ден қою қажет. Сіздердің әрқайсыңыз партияның сенім мандатына ие болған жас саясаткерсіздер. Партияның халыққа жақын болу, тұрғындармен «кері байланыс» орнату, қоғамдағы әртүрлі топтың үніне құлақ асып, елмен тығыз, қоян-қолтық жұмыс істеу қағидаларын басшылыққа алу керек. Аталған тапсырмаларды сапалы және нәтижелі іске асыру үшін Жас депутаттар корпусына партия тарапынан барынша қолдау көрсетіледі, — деді партия хатшысы Әлібек Әлденей.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттың 616 жас депутатының 427-сі немесе 69%-і партияішілік праймеризден өткен.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Жас депутаттар корпусының басшысы болып Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының депутаты Елнұр Бейсенбаев сайланды.