БҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдық жұмысы сараланды

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов төрағалық еткен конференцияға облыстық басқарма басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мамандары және 8 спикер қатысты. Конференцияның модераторлары — М.Өтемісов атындағы БҚУ-іне қарасты «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айгүл Туркина.

Жиында «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында А.Қыдыршаев, «Бәсекеге қабілеттілік, қазақ білімінің жаңа белесі» тақырыбында «Парасат» орталығының жетекшісі А.Есенаманова, «Сананың ашықтығы» тақырыбында «Болашақ» қауымдастығының басшысы С.Тұманбаева,  «Прагматизм» бағытында  БҚО ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшсі Д.Мақатов баяндама оқыды. Сонымен бірге «Білімнің салтанат құруы» бағытында «Дарын» қосымша білім орталығының  қоғамдық  гуманитарлық бөлімінің меңгерушісі Б.Биялиева, «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры А.Құрымбаев, «Рухани жаңғыру – ұлттық сананың жаңғыруы» тақырыбында БҚО ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Б.Бержанов кең көлемде мағлұмат берді.

Облыстық «Рухани жаңғыру» музейінің жұмысы жөнінде меңгерушісі Н.Төлепов айтып берді. Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.Ғабдушев, Казталов ауданы әкімінің орынбасары З.Мажитова «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 4 жылда атқарылған істер жөнінде баяндады.

Рухани жаңғыру, БҚО
Фото: БҚО Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі

Басқосу соңында облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың атынан алғыс хатпен және ескерткіш сыйлықпен  А.Қыдыршаев, Н.Төлепов, А.Аршимова облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің мамандары марапатталды. Сонымен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белсенді елімізге еңбек етіп жүрген қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, еріктілер «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің атынан арнайы сыйлыққа ие болды.