Алик Шпекбаев төраға қызметінен босатылды

Тиісті құжат Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.

Еске салайық, Алик Шпекбаев бұл қызметке 2019 жылдың маусымында тағайындалған еді.