Жаһандық бренд жаңа смартфондарын жарнамалауға жаһан деңгейіндегі жұлдызды тартты. Бұл жолы да жаңа флагманның бренд амбассадоры – Димаш Құдайберген. Талантымен талайды тамсандырған жезтаңдай әнші Димаш алдыңғы жылы Reno4 смартфондарын таныстырып, тіпті қолдану барысында өзі түсірген бірнеше фотоны бөліскен еді. Димаштың өмірлік ұстанымы мен  OPPO бренді құндылықтарының жарасымды үйлесімі екі алыптың ынтымақтастығының жалғасуына үлкен себеп болды. Бүгінде Димаш Reno5 series смартфондарымен бірге өзін үлгі ете отырып, әркімді өз хикаясын құруға шақырады.

Жаңа Reno5 series смартфондарының біздің нарыққа екі моделі шығарылған:  Reno5 және Reno5 Lite.  Бұл екі смартфонның экран көлемі, батарея сыйымдылығы, салмағы және пішіні секілді ұқсастықтары көп.  Алайда әр смартфонның өзіне тән ерекше функциялары да жетіп артылады.

Смартфондардың сұлулығы көздің жауын алардай. Reno5 – қырында  мыңдаған түстердің сәулелері ойнаған гауһар тасқа теңеледі. Бұл жолы OPPO түсті тұнық жеткізу технологиясын терең жетілдірді: тұңғыш рет смартфон корпусының сыртын қаптауға мыңдаған түстердің реңін беретін Picasus колористикалық жабыны қолданылды. Смартфонның корпусы  әр түрлі қырынан қарасаң әр түрлі рең береді. Reno5 смартфондары екі түсті болады: Fantasy silver және  Starry black (Күміс және Қара түсті).

Reno5
Фото: ОРРО компаниясының баспасөз қызметі

Сонымен қатар Reno5 корпусы сырылмайды  және оның бетінде саусақ іздері қалмайы.  Бұл смартфондары еш алаңсыз тиын, кілт және де басқа ұсақ-түйек бұйымдармен бірге сөмкеңізде алып жүрсеңіз болады. Салмағы небәрі – 171 грамм, қалыңдығы – 7.7 миллиметр. Қалыңдығы  қалыпты көлемді қаламсаптың қалыңдығымен тең.

Қазіргі заманда өз хикаяңды жасап қана қоймай,  оны міндетті түрде бейнелеп, жұртқа көрсету де аса маңызды. Бұл үшін  Reno5 3 қосалқы камерасы (8+2+2 МП)  бар 64МП негізгі және  44МП алдыңғы камералармен жабдықталған.   Екі камераны да бір мезетте қолданып, видео немесе сурет түсіруге болады.  Яғни бір уақытта өзіңізді және айналаңызда болып жатқан жағдайды қатар түсіру мүмкіндігі бар. Оны Dual-view Video функциясы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Reno5 – AI portrait портреттік микшерлеу функциясымен жабдықталған жаһандағы жалғыз смартфон.

камера Reno5
Фото: ОРРО компаниясының баспасөз қызметі

AI Highlight Video функциясы  айналадағы жарық мөлшерін өздігімен өлшеп автоматты түрде теңшеп, қоршаған ортаға лайық алгоритмдер ойластырып, видеоңызды мейлінше оңтайландырады.  Артқы фоныңыз ағарып кетпес үшін күндіз  Live HDR алгоритмін   қолданыңыз,  ал түнде Ultra Night Video  функциясы жарықты асырып, жарқын видео түсіруге көмегін тигізеді.

Смартфонды сіздің өміріңізге ыңғайлы ету мақсатында жаңа Reno5 – 50W Flash charge жылдам қуаттау технологиясымен жабдықталды. Бұл технологияның арқасында смартфоныңыздың   4310 мА/с. батареясын  5 минут қуаттау арқылы 3 сағаттық видео көруге мүмкіндік береді. Жарты сағат қуаттау арқылы батареяңызды 80% толыра аласыз, ал 48 минут ішінде смартфон 100% зарядталады.  Түнде смартфонды қуаттауға ұмытып кетсеңіз, азанда тұрып тоққа тығып қойыңыз -бір кесе шәй ішіп біткенше смартфоныңыз жарты күнге жетерлік қуат ала алады. Атаулы қуаттау технологиясы –  TÜV Rheinland  қауіпсіздік сертификатына ие.

жылдам қуаттау
Фото: ОРРО компаниясының баспасөз қызметі

Reno5 дисплейі –  көзді қорғауға арналған қабаты бар 6,4 дюйм Full HD+ (2400х1080 пиксель) AMOLED . Экранның жаңарту жиілігі – 90 Гц. Бұл деген сөз сіздің интерфейсіңіз жұмсақ,кескіндердің ауысу жиілігі жылдамырақ болады, оған қоса көзіңіздің қауіпсіздігі жайында уайымдамайсыз. Сонымен қатар, Reno5 дисплейі сырылудан сақтайтын қосымша  GG3 әйнегімен қорғалған.

Qualcomm Snapdragon 720G  процессорының арқасында  Reno5 бұған дейінгі модельдеріне қарағанда жылдамырақ жұмыс істейді.

Reno5 lite –  Reno5 сериясының субфлагманы.  Reno5 корпусын гауһар тасқа теңесек,  Reno5 Lite түстері теріскей шұғыласын еске түсіреді.  Смартфонның артқы жағы теріскей шұғыласындағыдай   жасыл және күлгін түстермен құбылып тұрады. Reno5 Lite -та екі түсті болады: : Fantastic purple и Fluid Black (Күлгін және қара)

Reno5 Lite
Reno5 Lite. Фото: ОРРО компаниясының баспасөз қызметі

Reno5 Lite та айналадағы жарықты анықтау, қос камералы видео түсірілім, ультратеңшеу технологияларымен жабдықталған. Бұл Night Flare функциясының арқасында түнгі көріністерді тұнық әрі жарқын етіп шығара алатын нағыз түнгі самартфон саналады.

Reno5 Lite Google Lens негізінде жұмыс істейітн  үшсаусақпен аударма жасау функциясымен қамтылған,  бұның арқасында әлемнің 60 тілннде еркін аудармалар жасай аласыз.

Reno5 Lite сыйымдылығы 4310 мА/с батареясы мен жабдықталған және   30W Flash Charge технологиясымен қамтылған. Оның қуатты супер үнемдеу қызметінің арқасында телефонның 5% қуаты 80 минут қоңырау шалу немесе WhatsApp-пен бір жарым  сағат қолдануға мүмкіндік береді.

Ал жоғарыда айтылған барлық техникалық мүмкіндіктердің мінсіз жұмыс істеуін өте өнімді  MediaTek Helio P95 процессоры қамтамасыз етеді.

Жаңа флагман бағалары:  Reno5 – 219 990 теңге, Reno5 Lite  – 179 990  теңге. Алғашқы сатып алушыларға арнайы сыйлықтар қарастырылған: Reno5 смартфонын алсаңыз сыйлыққа OPPO EncoW51 құлаққаптары, Reno5 Lite алғандарға OPPO EncoW31 құлаққаптары сыйға беріледі. Сыйлық саны шектеулі.