Атырауда бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Төрт күн бойы 250-ге жуық былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады. Карантиндік шектеулерге байланысты спорттық шара көрерменсіз өтті.

Нәтижесінде, Атырау облысының боксшылары 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды.

Атырау. Бокстан әлем чемпионаты
Фото: atr.kz сайтынан алынды

66 келіде Алпысбаев Жандос алтын жүлде және жарыстың «ең үздік боксшысы» атағына ие болды. 42 келіде Ахмет Дәулеткерей мен 60 келіде Қабдрахим Мансур ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. 46 келіде Сергей Нұрасыл, 48 келіде Марат Ануарбек және 52 келіде Джарбулов Артур қола медаль еншіледі.

Біздің басты мақсат — жасөспірімдер спортын дамыту арқылы резерв қалыптастыру. Осыған орай ел чемпионатын Атырау облысында ұйымдастыруды жөн көрдік. Бүгінгі жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшыларымыз алда талай биіктерді бағындырады деп сенемін, – деді басқарма басшысы Ринат Ибрагимов.

Айта кетейік, мамыр айында Қазақстан Республикасының жастар ойындары аясында бокс бәсекелері Атырау қаласында өтеді.