Шымкент коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа өтті

15 сәуірде Шымкент қаласы “қызыл” аймаққа кірді. Өткен тәулікте өңірде 111 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыдан 37 адамға көп.

Осылайша, коронавирус бойынша «қызыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бар.

Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймақтан «сарыға» өтті. Өңірде кеше коронавирус жұқтырған 95 адам тіркелді.

«Сары» аймақта  Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Ал Қостанай мен Түркістан облыстары «жасыл» аймақта орналасқан.